2021 жыл соңы да таяп қалды, әдеттегідей, белгіленген тәртіп бойынша аяқталуға жақын жылдың есебін жасауды бастап кеттік. Бізді өзінің келуімен барынша сынап, есеңгіретіп, есімізді шығарып, бүгінгі және болашаққа құрған жоспар-ларымызды тас-талқан еткен, әлі де кесірін тигізіп жатқан «күтпеген қонағымызбен» күресіп жүргенімізге, міне, екінші жыл.
Бұл оқиғадан өзіміз жиі естіп жүрген, «бәрі бір-бірімен байланысты» дегенге тағы бір көзімізді жеткізіп, әрқайсы-сымыз өзімізше өмірлік сабақ алдық.